Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыШығыс Қазақстан облысында биыл вакцинадан бас тартқандар 3 есе арттты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері өңір аумағында екпеден бас тартудың 78 фактісі тіркелді. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 3 есе көп.
Осының салдарынан түрлі аурулардың таралуына жол берілуі мүмкін. Сондықтан халықты екпе салдырудан бас тартпауға шақырамыз. Жалпы биыл облыста 1 жасқа дейінгі нәрестелердің 97,6 пайызы БЦЖ, 96,7 пайызы В вирустық гепатитіне қарсы екпе алды. Бірден асқан балалардың 39%-ы пневмококк инфекциясына, 40,9%-ы қызылша, қызамық, эпидемиялық паротитке қарсы вакцина салдырған. Сондай-ақ дифтерия мен сіреспеге қарсы 6066 адам вакцинацияланды, - дейді департамент басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина.
Оның айтуынша, биыл А-2 вирусты гепатитіне қарсы 1681 бала, кене энцефалитіне қарсы 6874 адам екпе салдырған. Жалпы вакцинациялау шаралары облыстың 25 емханасында жүргізілуде.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары