11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекШығыс Қазақстан облысында туристік орындар мен өнеркәсіп орталықтарына апаратын барлық жолдар жөнделеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2025 жылдың соңына дейін Шығыс Қазақстан облысында өнеркәсіп орталықтары мен туристік нысандарға апаратын 400 шақырымға жуық жол қалпына келтіріледі. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев облыс тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.
Мемлекет басшысы республика бойынша кемінде 10 мың шақырым жолды қамту үшін орташа жөндеу бағдарламасын кеңейтуді тапсырды. Сапа – басты басымдық. Барлық өңірлерде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін жолдар анықталды. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысындағы өнеркәсіп орталықтарына апаратын жолдар: яғни Алтайға, Шемонаихаға, Серебрянскқа апаратын жолдар жөнделеді. Сондай-ақ, Марқакөл, Рахманов бұлағы және Катонқарағай туристік нысандарына апаратын жолдар да жөндеуден өтеді, - деді министр.
Сонымен қатар, биылдан бастап Өскемен мен Семей қалаларын байланыстыратын жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жол 2026 жылға дейін толық жөнделеді. Мамандар қазірдің өзінде бірқатар учаскелерді жөндеуде (Таврическое ауылы мен Ново-Азовское ауылына бұрылыс), қалғандары 2025-2026 жылдары қамтылады.
Сондай-ақ, келесі жылы Катонқарағай ауданы мен Марқакөл өңірін байланыстыратын Ескі австриялық жолы орташа жөндеуден өтеді.
11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес