12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікШығыс Қазақстан облысында орман тау арасында аттан құлап, есінен танған қыз баланы құтқарушылар тікұшақпен алып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
22 шілдеде құтқару бөлімшелерінің көмегімен Қатонқарағай ауданының дәрігерлері ШҚО әкімдігінің әуе бөлімшесінің МИ-2 тікұшағымен Белуха тауындағы Сәрсембай учаскесіндегі оқиға орнына жедел ұшып барғанын мәлімдеді. Оқыс оқиға кезінде 1996 жылы туған қыз тауға шығып келе жатқан кезде аттан құлап, жарақат алып, ес-түссіз жатқан.
Әуе кемесімен келген медициналық мекеменің мамандары турист қыздың оң иығының төменгі үштен бір бөлігінің жабық сынғанын анықтады. Қажетті алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны тікұшақпен Қатонқарағайдағы аудандық ауруханаға жеткізді.
Осы орайда Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті туристерге қауіпсіздік шараларын сақтауға және таулы жерлерде абай болуға кеңес береді. Оқыс жағдай орын алғанда «112» нөмірі бойынша хабарласуға болады.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер