23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Шығыс Қазақстан облысында су тасқынының алдын алу үшін 174 көпір қардан тазартылып, өңірдегі қала, ауылдардың көшелерінен 168,6 мың текше метр қар шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, су тасқыны жағдайына үздіксіз мониторинг жүргізілуде. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты.
Жергілікті атқарушы органдар ұзындығы 181 шақырымды құрайтын 170 канал мен арықты, 783 су өткізу құрылысын, 174 көпірді қардан тазартты. Жалпы өңірдегі қала, ауылдардың көшелерінен 168,6 мың текше метр қар шығарылды. 1 ақпаннан бастап облыс әкімінің өкіміне сәйкес жоғары дайындық режимі жарияланған. Жағдай қиындаса 2334 адам, 735 техника, 50 жүзу құралы мен 223 мотопомпа жедел әрекет ету үшін сақадай сай тұр, - деп жазылған ақпаратта.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік