23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіШығыс Қазақстан облысының Алтай ауданындағы су тасқынына қарсы шаралардың барысымен таныстырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл өңірде қардың қалың жауғанына қарамастан, топырақтың қату деңгейі былтырғыдан әлдеқайда төмен. Бұл өз кезегінде су басу қаупін азайтады.
Мамандар судың кедергісіз ағуын қамтамасыз ету үшін өңірдегі өзендерде 19 жарылыс жұмыстарының орнын анықтады.
Әрбір елді мекен мен су басу қаупі бар аумақ үшін іс-қимыл алгоритмін құрастыру қажет. Мұздың қай жерде пайда болатынын, адамдарды қайда эвакуациялау керектігін, қандай күштер мен құралдар қажет екенін, су басу қаупі төніп тұрған ауылдар, жолдар мен көпірлердің бар-жоғын алдын ала білу керек. Барлық деңгейдегі әкімдер осы сұрақтардың жауабын біліп, тұрғындармен жеке аулаларды қардан тазарту туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Сондай-ақ оларға көмектескен жөн, - деді Ермек Көшербаев.
Айта кету керек, 1 ақпаннан бастап облыста жасанды интеллектті қолданатын жедел штаб құрылды. Олар гидро және метеоқызмет деректері мен өткен жылдардағы ақпараттардың негізінде түрлі оқиғалар желісін болжайтын болады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады