7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?ШҚО-да су тасқыны қауіпті жерлерге әуеден барлау жүргізілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаевтың төрағалығымен «МИ-8» тікұшағында су тасқыны қаупі бар жерлерге әуеден барлау жүргізілді. ШҚО ТЖД қызметкерлерінің, Ертіс бассейндік инспекциясы, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ШҚОФ, «Шығыс Су Қоймалары» КМК, «Қазсушар», «KazExploService» ЖШС, «Қазгидромет» мамандарының қатысуымен Риддер қаласы, Алтай, Глубокое, Катонқарағай, Күршім, Самар, Ұлан аудандарындағы өзен арналары, таулы және жазық аумақтар, гидротехникалық құрылыстар тексерілді.
«Зерттелген аумақта өзендердің арналарынан асуы және су тасқыны анықталған жоқ. Бұқтырма, Үлбі ірі өзендерінің арналары мен су қоймаларының беттері мұзбен жабылған. Қалжыр өзенінің арнасы мұздан енді ғана ашыла бастады. Тексерілген гидротехникалық құрылыстарда жағдай тұрақты, суға толу 30-60% құрайды, су деңгейі төмендетілген, төменгі су ағындары ашық. Облыстың барлық таулы аумағында қар жамылғысы сақталуда», - деп ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов атап өтті.
Облыста су тасқыны жағдайының асқынуы кезеңіне жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау қызметтері құралымдарының күштері мен құралдары топтастырылды, олардың саны 1 719 адам, 756 бірлік техника, 83 бірлік жүзу құралы және 224 мотопомпа.
Сонымен қатар, қажет болған жағдайда ҚР ТЖМ келісімі бойынша Алтай ауданына алдын алу іс-шараларын жүргізу үшін ҚР ТЖМ № 68303 әскери бөлімінің күштері мен құралдарын тарту жоспарлануда.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?