Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыШығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының екі елдімекенінде қатты дауылдан тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың шатыры қирап қалды, деп хабарлайды Altainews.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов оқиға орнына барып, жапа шеккендер тұрғындармен кездесті.
Қатты желден Малоубинка ауылында төрт тұрғын үйдің шатыры толық қирап, 12 үйдің шатыры жартылай бүлінген. Ал ауылдағы әлеуметтік-мәдени нысандарға залал келген жоқ.
Дәл осындай жағдай Быструхада да болған. Мұнда үш үйдің шатыры жартылай қирап, қора-жайлар бүлінген. Үш бизнес нысанына залал келген. Ауылдағы мәдениет үйінің шатыры толық қирады.
Аудан әкімдігінің хабарлауынша, табиғат апатынан келген шығынды есептейтін комиссия құрылды. Зардап шеккендердің барлығына 100 АЕК мөлшерінде өтемақы төленеді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары