7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Шығыс Қазақстан облысының аудандарында су тасқыны қаупі бар аймақтар тексеріліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Су тасқынының алдын алу жұмыстары жалғасуда, тәулік бойы кезекшілік қызметі ұйымдастырылған. Ұлан ауданында әкімдік су тасқыны қаупі картасына енгізілген аумақтарды тұрақты бақылауда ұстап отыр. Герасимовка ауылының маңында егістік алқаптарынан еріген су қарқынды ағып жатыр.
Су тасқынының алдын алу үшін су бұру арнасы тереңдетіліп, инертті материалдармен бекіту жұмыстары жүргізілді. Тұрғын үйлерге су кірген жоқ. Үш ауладан еріген сулар сорылып шығарылды. Қазір барлық қажетті су тасқынына қарсы шаралар атқарылуда. Ауылға облыс әкімі барды. Сақтағанов Н.А. жергілікті жерде болып, айналма канал жағалауын бекіту, арықтарды тереңдету және тазалау бойынша тапсырмалар берді. Үлкен су еш кедергісіз ағуы тиіс.
Барлық қызметтер күшейтілген дайындық режимінде жұмыс істеп жатыр. Мерекеге қарамастан, ешкімге босаңсуға болмайды. Қажет болған жағдайда су тасқынының алдын алу және аумақты қорғау үшін қосымша техника тартылады. Бұл күндері облыс тұрғындары алаңсыз Наурыз мерекесін тойлауы керек. Ал біз олардың қауіпсіздігі үшін барлық қажетті жағдайды жасаймыз, – деді Нұрымбет Сақтағанов.
Тарбағатай ауданында су тасқыны қаупі бар аймақтар, соның ішінде Маңырақ тауының күнгей беті, Қара Тоғам, Есенгелді және Барғана өңірлері тексерілді.
Алтай ауданында өзендердің мұз қатпарлары бұзылуда. Ауа райы мен су деңгейі сағат сайын бақыланып, жағдай қатаң бақылауда. Үлкен Нарын ауылындағы Алтайэнерго көшесінде шаруашылық құрылысының жанында еріген судың жиналуы байқалды. Алайда тұрғын үйге қауіп жоқ, өйткені жақын маңда дамба орналасқан, ал су айналма каналға ағызылуда. Қазіргі уақытта канал тазартылып, су біртіндеп кетуде. Төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті атқарушы органдар жағдайды қадағалап отыр. Қорғау құрылыстарын дайындау және нығайту үшін барлық қажетті шаралар қабылданды. Инертті материалдар мен арнайы техника дайын.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?