Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарРеспубликалық “Учaске” жедел алдын алу іс-шарасы аясында Үлбі полиция бөлімінің қызметкерлері есепте тұрған отбасыларды тексеріп, саяжай аумақтарын аралап жүрген. Сол кезде полиция қызметкері Әсел Тукушева бақылау мақсатында үйлердің біріне кірген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Табалдырықтан аттай салысымен ол үй ішінен улы газдың өткір иісін сезген. Бұл үйде бес баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ана тұратын: үлкені – 17 жаста, кішісі – 3 жаста. Қауіп минут санап күшейіп бара жатқандықтан, полиция қызметкері дереу әрекет етіп, қайғылы жағдайдың алдын алды.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖД мамандары үй ішінде улы газдың тарағанын растады. Пеште пайда болған ақаулардан үй ішіне түтін тараған.
Үйде қалу қауіпті болғандықтан ана мен бес бала Өскемендегі дағдарыс орталығына уақытша орналастырылды.
Полиция капитаны Әсел Тукушеваның қырағылығы мен жедел әрекетінің арқасында бірден алты адамның өмірі құтқарылды, қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болды.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?