Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекШҚО-да тәртіп сақшылары осыдан 24 жыл бұрын қар құрсауында қалған қарттарды құтқару үшін өз өмірін қиған полиция капитаны Жәлелхан Мұрымбаевты еске алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz сайтының мәліметіне сүйенсек, оқиға 2001 жылы 5 қаңтар күні Жарма мен Көкпекті аудандарының арасындағы жолда болған.
Жәлелхан Мұрымбаев сол күні, яғни 2001 жылдың 5 қаңтарында Өскемен қаласынан өзінің ауданына қарай бет алған. Қалың қар жауып, боран соққан, оның арты қатты аязға ұласқан күні аудандық мәдениет бөлімінің қызметкерлері мінген көлік жол ортада сынып қалған. Ал мұны естіген капитан оқиға орнына өз көлігімен жеткен. Үлкен кісілерді қызметтік көлігіне мінгізген соң, өзі ауданға қарай жаяу бет алған. Себебі көлікте адам мінетін орын қалмаған, - делінген мәліметте.
Өкінішке қарай, бораннан адасып кеткен Жәлелхан Мұрымбаев жолда мерт болған.
Сол кезде 33 жастағы Жәлелхан Мұрымов, биыл тірі болса, 57 жасқа толар еді. Оның артында бір ұлы, жары қалған.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?