28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарШҚО полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы қос азаматтығы бар облыс аумағында тұратын адамдарды анықтау үшін үнемі тексерулер жүргізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мысалы, Өскемен қаласының 59 жастағы тұрғыны 2021 жылдың мамыр айында көрші мемлекеттің азаматтығын алған, бірақ бұл туралы заңда белгіленген мерзімде құқық қорғау органдарына хабарламаған. 9 азамат сот шешімі бойынша Қазақстаннан тыс жерлерге шығарылды.
Шетелдіктің жеке куәлігі мен Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты тәркіленіп, Қазақстан азаматтығынан айыру тіркелді. Заңды бұзғаны үшін ер адам 200 АЕК көлемінде айыппұл төледі, – деп атап өтті ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ринат Шкибаев.
Жыл басынан бері тәртіп сақшылары қос азаматтықты ресімдеген облыстың 48 тұрғынын анықтады, оның 9-ы сот шешімі бойынша ел аумағынан шығарылды. ШҚО ПД көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елімізде қос азаматтыққа жол берілмейтіндігін және заңнама талаптарын сақтауды ескертеді.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?