23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Шығыс Қазақстан облысында келіні енесінің атына 2,5 млн теңге несие алып, ақшаны өзіне жұмсады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Зайсан аудандық полиция бөліміне 67 жастағы жергілікті тұрғын алаяқтық туралы арызбен жүгінген. Арызында келіні жасырын түрде 2,5 млн теңгеден астам сомаға несие рәсімдегенін айтқан.
Белгілі болғандай, өткен жылы келіні оның ұялы телефонына банктік қосымша орнатқан. Сол қосымша арқылы зейнеткердің шотына кіруге мүмкіндігі болған. Желтоқсан мен қаңтар айлары аралығында жұмыссыз қалған бойжеткен қосымшаның көмегімен енесінің атына үш несие рәсімдеп, ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жәбірленуші сәуір айында зейнетақысы аз түскен кезде, банкке барады. Сол жерде өзі білмеген несиелері үшін төлемдер алынғанын бір-ақ біледі.
Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті мүлкін тәркілеумен, төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік