2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрШығыс Қазақстан облысы Шемонайха ауданындағы түрмеге келген хирург 15 адамды тексерген. Алайда, құжатқа 160 адамды тексердім деп жазып 15 мың теңгенің орнына 214 мың теңге жалақы алып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық прокуратураның ақпаратына сүйенсек, хирург қана емес, дерматовенеролог, нарколог, невропатолог және психиатр дәрігерлер де осындай айла қолданған екен. Бір айта кетерлігі, прокуратура енді хабарлап отырған жайттар 2023 жылы тіркелген.
2023 жылғы желтоқсан айында хирург мекемеге жоспарлы сапары кезінде 15 сотталғанды тексерген, алайда есептік құжаттарда қабылдауда 160 адамның болғаны көрсетілген. Осы деректер негізінде дәрігерге 214 мың теңге мөлшерінде жалақы есептелген. Алайда бекітілген нормативтерге сәйкес, 15 науқасты қабылдағаны үшін төленетін сома 15 252 теңге еді, - деп хабарлайды прокуратура.
Осылайша, дәрігерлер түрмедегі азаматтарды пайдаланып, 1,4 млн теңгені иемденіп алған. Олар ақшаны бюджетке қайтарған, өздері тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова