29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыШҚО-да Бұқтырма өзенінде қар көшкінін түсіру мен жарылыс жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Катон - Қарағай ауданында қар көшкінінің өздігінен түсуіне жол бермеу үшін беткейлердегі қарды тазартып, Бұқтырма өзенінде, кептеліс туғызатын жерлерде мұзды ұсақтады.
"Согорное-Барлық" автожолының бойында 2 қар көшкіні жиналу шоғыры бар. Профилактикалық жарылыстар жүргізу арқылы, қар көшкіні жиналу шоғырларын жиналған қардан босатты. Жұмыс барысында 4770 текше метр қар массасы түсті.
Көпжылдық бақылаулар бойынша Бұқтырма өзенінде, Сенное ауылының маңындағы жағалау аймағын су басып, мұз кептелісі орын алатын. Су арнасы арқылы судың еркін өтуін қамтамасыз ету және кептеліс құбылыстарын болдырмау үшін мамандар 10 мыңға жуық шаршы метр аумақта мұзды ұсақтады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек