6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерШҚО-да Абай ескерткішін бүлдірген жасөспірімнің заңды өкілдеріне айыппұл салынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған шешім «кәмелетке толмағандар вандализмі» бабы бойынша әкімшілік іс аясында қабылданған. YK-news.kz-тің жазуынша, 10 шілдеде полицияға Абай ескерткішіне белгісіз біреу сурет салып кеткені хабарланған. Қаскүнем видеобақылау камералары арқылы анықталып отыр.
2 шілде күндіз кәмелетке толмаған үш жасөспірім ескерткішке велосипедпен келген. Олардың бірі ескеркішке жазу жазып кетті,- деп пікір білдірді ШҚО ПД-нің баспасөз қызметіндегілер.
Кейін ескерткішті бүлдірген күдікті адам табылып, сотқа «кәмелетке толмағандар вандализмі» 448-бабы бойынша әкімшілік іс беріліп отыр. Бұл дерек сотта 13 шілде күні қаралды.
Қарастырылған бап бойынша жасөспірімдердің ата-анасына 15 АЕК немесе 51750 теңге айыппұл салынды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі