15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыШығыс Қазақстан облысында спорттық аула клубтары лигасының финалдық кезеңі өтті. 24–27 қыркүйек аралығында Өскемен қаласында мектеп оқушылары арасында шағын футбол мен үстел теннисінен облыстық жарыс ұйымдастырылды.
Жарыс Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының бастамасымен және облыс әкімдігінің қолдауымен өткізілді.
Жоба «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілетуге, балалар мен жасөспірімдерді спортқа тартуға және олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталды.
Спорттық аула клубтары лигасы Шығыс Қазақстан облысының 2026–2027 жылдарға арналған жастар саясатын іске асыру стратегиясы аясында құрылды. Жазғы демалыс кезеңінде облыстың қалалары мен аудандарынан келген жасөспірімдер шағын футбол мен үстел теннисінен өңірлік жарыстарға қатысты.
Жазғы кезеңде жарыстарға 4,5 мыңнан астам бала қамтылды. Оның ішінде 3 261 қатысушы шағын футболдан, 1 357 жасөспірім үстел теннисінен бақ сынады.
Ал финалдық кезеңде облыстың үздік командалары мен спортшылары өзара мықтыны анықтады. Жарысқа барлығы 663 мектеп оқушысы қатысты. Оның 468-і шағын футболдан, 195-і үстел теннисінен сынға түсті.
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады