Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыШығыс Қазақстан облысында полицейлер 38 млн теңгеден астам қарызы бар азаматты іздеп тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ер адам бір жылдан астам уақыттан бері қарыз алушы мен сот орындаушыларынан жасырынып жүрген. ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасына жеке сот орындаушысынан 38 миллион теңгеден астам қарызы бар, өткен жылдың наурыз айынан бері өскемендік тұрғынға қарызын бермей жүрген борышкерді іздеуге беру туралы қаулы келіп түскен.
Қызметкерлер хабарламаға жедел ден қойып, 1 тәуліктен де аз уақыт ішінде Шемонаиха ауданында жасырынып жүрген борышкерді іздеп тапқан. Тәртіп сақшылары берешекті өндіріп алу шараларын қолдану үшін уәкілетті органдарға ақпарат берді.
Айта кетейік, жыл басынан бері шығысқазақстандық тәртіп сақшылары 30-дан астам борышкердің мекенжайын анықтаған. Осы ретте ШҚО полиция департаменті атқарушылық құжатты орындаудан жалтарғаны үшін заңда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары