Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарШығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында 200 келіге жуық балықты заңсыз аулаған браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мәліметіне сүйенсек, рейд барысында заңсыз балық аулағандар ұсталды.
«Инспекция қызметкерлері, табиғат қорғау полицейлері, «Охотзоопром» және «Төретоғам» ЖШС өкілдері бірлесіп, Бұқтырма су қоймасының учаскелерінде кезекті рейд жүргізді. Соның барысында «Крынкина» учаскесінде «ВАЗ» автокөлігі тоқтатылды. Көкпекті ауданының тұрғыны тізгіндеген көліктен 185 келіден астам балық пен қайық моторы табылды», - делінген ақпаратта.
Бұдан бөлек, дәл осы учаскеде тағы бір браконьер қолға түсті. Одан ондаған келі ақтабан, мөңке және шортан балығы табылды.
Қазіргі уақытта екі ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 335-бабы 3-бөлігімен (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз аулау, алу) қылмыстық іс қозғалды.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?