29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыШығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов аудан әкімдерімен жылумен жабдықтау мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
"Бүгін қалалар мен аудандардың әкімдерімен жылумен жабдықтау мәселесі бойынша кеңес өтті. Оған ҚР Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаментінің өкілі қатысты. Ағымдағы жылдың сәуір айынан қыркүйекке дейін осы ведомствоның мамандары Риддер жылу электр орталығында болмағанына назар аударғым келеді. Алайда 15 қыркүйекте бейінді министрлікке хат жолдады, онда станцияның жылу маусымына толық дайындығы туралы хабарлады.
Дабыл қағудың, прокуратураға жүгініп, жабдықтың ауыр жағдайы жылу маусымының бұзылуына әкелуі мүмкін деп айтудың орнына, комитет өкілдері бірнеше әкімшілік айыппұлдар жазумен ғана шектелді. Бүгінде Департамент Риддер ЖЭО басшылығы 4 және 5 қазандық агрегаттарының жөнделгені туралы хат жолдап, сондай-ақ бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика жабдығы бар қалқан өрті туралы ақпаратты жасырып, оларға теріс ақпарат жолданғанын мәлімдейді. Осылайша, ведомство жұмысқа деген өздерінің дәрменсіздігімен немқұрайлылығын танытып отыр.
Өзге энергетикалық объектілерді қалайша тексеріп, баға беретіні күмән тудырады. Олар өздерінің әрекетсіздігінен бүкіл қаланы қыс мезгілінде қатып қалу қаупіне ұшыратты. Мұндай немқұрайлы шенеуніктер мемлекеттік қызметте болмау керек деп санаймын", - деп жазды Даниал Ахметов Instagram парақшасында.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек