Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев облыс орталығындағы №24 мектепке барып, 3-сынып оқушысы Айзере Шыңғысқызымен және мектеп ұжымымен жүздесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдіктің мәліметінше, оқушы қыз әкіммен кездесу үшін хат жазған екен. Анасы оның бұл бастамасын бірден қолдаған. Бірақ қызына облыс басшысы жұмысының тығыздығы мен хатқа жауап алмауы мүмкін екенін айтқан.
Анам «Әкім хатқа жауап жазбаса, көңіліңді түсірме, оның жұмысы көп» деді. Бірақ бүгін әкім мектебімізге өзі келді, қала басшысымен де таныстым. Ол кісінің менімен әңгімелесуге уақыт бөлгені үшін өте қуаныштымын және ризамын. Ол өте әділ әрі ақылды адам екен, - дейді Айзере.
«Өңір басшысы болу оңай ма?» деген сұраққа Ермек Көшербаев әр маман өз ісіңде маңызды миссияны атқаратынын айтты.
Жұмысшыларсыз кез келген басшы не істер еді? Зауытта – инженер, мектепте – мұғалім, ауруханада – медбике. Барлығы - өз саласының тәжірибелі мамандары. Олар қоғамның дамуына үлес қосуда, – деді облыс әкімі.
Айзере Шыңғысқызы - оқу озаты ғана емес, киокушинкай каратэ мен спорттық-бал биінен өткен жарыстардың жеңімпазы, зияткерлік олимпиадалардың жүлдегері. Ол мектептің қоғамдық өміріне белсене араласып, қатарластарына үлгі боп жүр.
Мектеп оқушылары әкімге көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты. Сондай-ақ олар мектептің дамуы туралы да тілге тиек етті. Балалар аймақ басшысына спорт залдарын жөндеп, жаңа спорт алаңдарын салу жөнінде өтініштерін білдірді.
Айта кетейік, №24 мектеп – қаладағы ең үлкен білім ордаларының бірі. Ол 800 оқушыға есептелген болса, қазір мұнда 1500-ге жуық бала екі ауысымда оқып жатыр. 60 сыныпта 111 мұғалім білім береді. Сондай-ақ үш жылдан бері білім мен әскери-патриоттық тәрбиеге негізделген кадет сыныптары жұмыс істейді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді