Бүгiн, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?ШҚО әкімі Даниал Ахметов ораза ұстаудың артықшылықтары мен Ораза кезінде адам ағзасында болатын өзгерістер жайлы айтты, деп хабарлайды El.kz.
Даниал Ахметовтің өзі ораза ұстайды.
«2016 жылы Нобель сыйлығының лауреаты мұсылман оразасының пайдасын дәлелдеп шықты. Ораза кезінде адам ағзасы тазарады. Жапон ғалымдары интервалды ашығу ағзаның қартаюын тежейтінін айтады», – деді Даниал Ахметов.
Тілшілердің «тығыз жұмыс кестесімен ораза ұстау қаншалықты қиын?» деген сауалына әкім ешқандай да қиындықтың жоқтығын алға тартты.
«Бәрі жақсы әрі оңай өтіп жатыр. Ораза ұстаған адамның ой-өрісі мен сезімі өзгеріп, ағзасы жаңарады», – деді өңір басшысы.
Қасиетті Рамазан айы 23 наурызда басталып, 20 сәуірде аяқталады. Қадір түні 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түні болса, Ораза айт 21 сәуірге тура келіп тұр.
Бұған дейін Ораза кезінде қалай тамақтану керек деген сауалға жауап іздеп көргенбіз. Сонымен қатар имамнан ораза кезінде ауыз бекіту ережелерін анықтадық.
Бүгiн, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Бүгiн, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік