6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерСегіз жылға бас бостандығынан айырылған экс-шенеунік Арыстанбек Мұхамедиұлы тағы бір қылмыстық бап бойынша сот залында жауап беруде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Әр сот отырысында небір шоу жасаудан жалықпайтын бұрынғы мәдениет министрі бұл жолы да әуеніне басып, жиналғандарды «аштық жариялаймын» деп қорқытты.
Егер менің құқыма шек келтірсе, ресми түрде аштық жариялаймын. Олар не қаласа, оны қаласын!, - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Дегенмен сот отырысының басталуынан аяқталуы тез болды. Себебі Мұхамедиұлының мүддесін қорғауға келген екі заңгердің бірі іспен толық таныспаған. Жаңа адвокат судьядан отырысты кейінгі шегеруді сұрап, оның өтініші қанағаттандырылды.
Бір жылдан аса уақыт тергелген Арыстанбек Мұхамедиұлына сот өткен айда үкім шығарған. Судья экс-министрді сегіз жылға бас бостандығынан айырды. Артынша, өткен айдың аяғында оған «Дипломат» қонақ үйін рейдерлік жолмен тартып алды деген қосымша айып тағылды. Куәгерлер экс-шенеуніктің жаға ұстатарлық небір қулық-сұмдығын жайып салғанымен, Мұхамедиұлының өзі «жала жауып отыр» деген сөзінен танар емес.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі