29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыШотландияның оңтүстігіндегі Райнс-оф-Галлоуэй түбегінде орналасқан Корсволл шамшырағының қабырғасының астынан 132 жыл бұрын жазылған хат салынған бөтелке табылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
BBC ақпарат агенттігі хабарлағандай, көлемі шамамен 20 сантиметр болатын бөтелкені Солтүстік маяктар басқармасының механикалық инженері Росс Рассел маякты тексеру кезінде тапқан.
Бөтелкенің ішінде 1892 жылдың 4 қыркүйегінде жазылған хат болған. Онда жаңа жарық шамын орнатқан үш инженердің және маяктың үш қараушысының есімдері қауырсын мен сия арқылы жазылған.
Мамандардың айтуынша, бұл - Шотландиядағы маяктардың тарихында табылған алғашқы бөтелкедегі хат.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек