30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыШорт-тректен АҚШ-тың Солт Лейк Сити қаласында өткен әлем кубогі кезеңі қазақстандықтар үшін сәтті болды, деп хабарлайды El.kz.
Жарыстың екінші күні тағы екі қазақстандық медальға ілікті.
Ұлттық құрамадағы тәжірибелі спортшылардың бірі Денис Никиша 500 метр қашықтықта мәре сызығын екінші болып қиды. Денистің көрсеткіші – 40.675. Сөйтіп ол күміс медальға ие болды.
Сондай-ақ Әділ Ғалиахметов 1 мың метр қашықтықта 1.25:325 секунд көрсеткішпен қола жүлдегер атанды. Бұл – Орал шорт-трегінің түлегі, қазір Ақтөбе облысы атынан сынға түсіп жүрген Әділдің әлем кубогі кезеңіндегі екінші медалі. Өткен жылы Бейжіңде 1500 метрде күміс жүлдені еншілеген болатын.
Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем кубогінің биылғы екінші кезеңінде үш медаль алды. Алғашқы күні Абзал Әжіғалиев 500 метрден күміс жүлдегер атанды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды