7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Шорт-тректен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Абзал Әжіғалиев елімізде өткен сайлауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Депутаттық сайлауға алғаш рет қатысып отырмын. Әр азамат өз елінде болып жатқан өзгерістерге, маңызды шараларға атсалысуы керек. Сондықтан мен де өз дауысымды №343 сайлау учаскесіне барып бердім. Сайлау нәтижесін ел болып күтудеміз. Өзім спорт саласының маманы болғандықтан спорт саласында жаңалық көп болады деп үміттенемін. Билікке спорттан хабары бар, ішкі мәселелерді жақсы білетін азаматтар келгені дұрыс. Кандидаттардың арасында спортшылар да қатысып жатқаны қуантады. Үміткерлер тізімінен Дәулет Тұрлыханов сынды ағаларымызды көргенде қуанып қалдым. Жаңа Қазақстан деп ұрандағандай, расымен бір жаңа өзгеріс пен халыққа жани ашитын азаматтарымызды күтеміз, - деді спортшы.
Сонымен қатар, сайлау барысында түрлі іс-әрекеттерге барған азаматтардың ісін сыңады.
Әлеуметтік желіде сайлау учаскелерінде түрлі іс-әрекеттерге барған азаматтарды көріп жатырмыз. Біреу қағазын шимайлап кетіпті, енді бірі қоғамдық орында мәдениет сақтамаған және бюллетендерді лақтырып жатқандарын көрдік. Дегенмен, әлі де болса сайлау қорытындылары әділ болатынынан үміттенеміз, - деді Абзал Әжіғалиев.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?