12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікСІМ баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, іс-шараға Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан СІМ басшылары мен Түрікменстанның Қырғызстандағы елшісі қатысты.
Қатысушылар ағымдағы жылғы 21 шілдеде Шолпан-Ата қаласында өтетін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алдағы төртінші Консультативтік кездесуіне дайындық барысын талқылады. СІМ басшылары саммиттің күн тәртібі мен қорытынды құжаттарының жобаларын жан-жақты қарастырды. Сондай-ақ, сауда-экономикалық, көлік, гуманитарлық салалардағы өңірлік өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың жай-күйі мен перспективалары және өңірлік қауіпсіздік мәселелері талқыланды.
ҚР Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді өз сөзінде Орталық Азия елдерінің мемлекетаралық өзара іс-қимылы соңғы жылдары сапалы жаңа деңгейге көтерілгенін және бесжақты қатынастарда серпіліс жасалғанын атап өтті.
Қазақстан Орталық Азияның тұрақты дамуына, өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға одан әрі үлес қосуға ниетті, - деді ҚР СІМ басшысы.
Кездесуге қатысушылар қырғыз тарапына іс-шараны сапалы ұйымдастырғаны және Қырғызстанның өңірлік интеграцияны одан әрі дамытуға бағытталған күш-жігері үшін алғыс білдірді.
Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бірінші Консультативтік кездесуі 2018 жылғы наурызда Нұр-Сұлтан қаласында (Қазақстан), екіншісі - 2019 жылғы қарашада Ташкент қаласында (Өзбекстан), үшіншісі - 2021 жылғы тамызда Түрікменбашы қаласында (Түрікменстан) өтті.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер