Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШығыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметкер қарт әйел мен оның баласын ұрып тастады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде таралған ақпаратта соққыға жығылғандар Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Қабанбай ауылының тұрғындары екені айтылады.
Тұрғындардың мәліметінше, ШҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының инспекторы мас күйде көлік жүргізіп келіп, қарт әйел мен оның ұлын ұрған. Мемлекеттік қызметкер оларды шөбімді өртеп жібердіңдер деп айыптаған. Оқиғаны облыстық полиция да растап отыр.
ШҚО ПД күдіктіні ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабы 1-бөлігі «денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сот шешімімен оған 15 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаза кесілді, - дейді ведомство.
Мемлекеттік қызметкер жәбірленушілерді өз ақшасына емдететін болды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді