Бүгiн, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?2000 жылдың 1 қазаны - Сидней төрінде қазақ спорты тарихына алтын әріппен жазылған күн болып саналады. Дәл осы күні боксшыларымыз Ермахан Ибраимов пен Бекзат Саттарханов Олимпиада чемпионы атанып, ел мерейін асқақтатқан болатын, деп жазады El.kz интернет порталы.
Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері Ермахан Ибраимов үшін бұл – көп жылдық еңбектің жемісі еді. 71 келі салмақта өнер көрсеткен ол Сиднейде қарсыластарына мықтылық танытып, финалда Румынияның Мариан Симион есімді боксшысын айқын басымдықпен ұтып, Олимпиаданың алтын тұғырына көтерілді. Бұл жеңіс қазақ боксының дәстүрлі күш-қуатын тағы бір мәрте әлемге паш етті.
Ал 20 жастағы дарынды боксшы Бекзат Саттарханов Сиднейдегі жұлдызды сәтімен халық жүрегін баурап алды. 57 келі салмақта өнер көрсеткен ол әр жекпе-жегінде жанкүйерлерді тәнті етіп, финалда әлем чемпионы, америкалық Рикардо Хуарестен айқын басым түсіп, Олимпиада чемпионы атанды. Бұл жеңіс қазақ спортына жаңа есім әкеліп қана қоймай, бүкіл елге қуаныш сыйлады. Өкінішке қарай, арада туралы 91 күн өткенде Бекзаттың қыршыннан қиылған қазасы ел есінде мәңгі өкінішке айналды.
Сондай-ақ, дәл осы күні Болат Жұмаділов (51 кг) пен Мұхтархан Ділдәлбеков те финалда сынға түскен еді. Отандық сыралғы спортшылар құрғақ құрлық Аустралиядан күміспен оралып, жанкүйерлердің құрметіне бөленді.
Бүгiн, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай