Жаңалықтар

Шілдеде қанша күн демаламыз? Еңбек демалысын қашан алған тиімді

04.06.2026 12:15
Ажар Лаубаева
Фото: жасанды интеллектпен жасалды

Жаз мезгілі бастала салысымен көпшілік алдағы демалысын жоспарлауға кіріседі. Бірі шетелге саяхаттауды ойласа, енді бірі ел ішінде демалып, отбасымен уақыт өткізуді жөн көреді. Демалысты тиімді ұйымдастыру үшін мерекелік және жұмыс күндерінің кестесін алдын ала біліп алған маңызды. 2026 жылдың шілде айында қазақстандықтарды қосымша демалыс күні күтіп тұр. Себебі Астана күні дүйсенбіге сәйкес келеді.

Астана күнінде байланысты қалай демаламыз

Астана күні дәстүрлі түрде 6 шілдеде аталып өтеді. Бұл күн Қазақстанның мемлекеттік мерекелерінің қатарына кіреді.

2026 жылы 6 шілде дүйсенбіге сәйкес келеді. Осыған байланысты бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтар қатарынан үш күн демалады:

Осылайша қазақстандықтар 4-6 шілде аралығында үш күн қатарынан тыныға алады.

Ал алты күндік жұмыс аптасымен еңбек ететіндер үшін 4 шілде жұмыс күні болып қалады. Олар 5 және 6 шілде күндері демалады.

Айта кетейік, елорда мәртебесін беру туралы шешім 1997 жылы қабылданып, сол жылдың 10 желтоқсанында Қазақстанның астанасы Алматыдан Ақмолаға ресми түрде көшірілді. Ал 1998 жылдың 6 мамырында Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді.

Шілдеде қанша жұмыс және демалыс күні бар

2026 жылдың шілдесінде бес күндік жұмыс кестесі бойынша еңбек ететін азаматтар үшін 22 жұмыс күні және 9 демалыс күні қарастырылған.

Ал алты күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтіндер үшін ай ішінде 26 жұмыс күні және 5 демалыс күні болады.

Шілде айында қандай маңызды күндер бар

Шілде айында Астана күнінен бөлек бірнеше кәсіби және мерекелік даталар атап өтіледі.

Астана күні қандай іс-шаралармен ерекшеленеді

Жыл сайын Астана күніне орай еліміздің барлық өңірінде мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Әсіресе елордада концерттер, көрмелер, фестивальдер, спорттық жарыстар, қолөнер жәрмеңкелері мен түрлі мәдени бағдарламалар өткізіледі.

Көпшілік бұл күндерді туған-туыспен қауышуға, табиғат аясында демалуға немесе еліміздің туристік бағыттарын аралауға пайдаланады.

Неліктен шілдеде еңбек демалысын алған тиімді

Мамандардың айтуынша, 2026 жылы еңбек демалысына шығу үшін ең қолайлы айлардың бірі – шілде.

Бұған себеп – айдағы жұмыс күндерінің салыстырмалы түрде көп болуы. Шілдеде бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететіндер үшін 22 жұмыс күні бар. Еңбек демалысына төленетін қаражат қызметкердің орташа күндік табысы негізінде есептелгенімен, жұмыс күні көп айларда демалысқа шығу қаржылық тұрғыдан тиімдірек саналады.

Мысалы, жұмыс күні аз айларда әр жұмыс күнінің құны жоғары болады. Мұндай кезеңде демалысқа шыққан қызметкердің ай соңында алатын жалақысы төмендеуі мүмкін. Ал жұмыс күні көп айларда бұл айырмашылық айтарлықтай байқалмайды.

Сонымен қатар шілденің басындағы үш күндік демалысты еңбек демалысымен біріктіруге мүмкіндік бар. Мәселен, қызметкер 7 шілдеден бастап еңбек демалысын рәсімдесе, 4, 5 және 6 шілдедегі демалыс және мереке күндерін қоса есептегенде, тынығу уақытын ұзарта алады.

Сондықтан жазғы саяхат, отбасылық демалыс немесе шетелге сапар жоспарлаған азаматтар үшін шілде айы ең қолайлы кезеңдердің бірі болмақ.

Оқи отырыңыз