Бүгiн, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында Эрлинг Холанн әлем назарын өзіне аударып отыр. Бразилия қақпасына дубль жасап, Норвегияны тарихында алғаш рет әлем чемпионатының ширек финалына шығарған шабуылшының есімі бүгінде тек футбол алаңында ғана емес, әлеуметтік желілерде де қызу талқылануда. Голдары, ерекше мерекелеу мәнері мен тәртіпке негізделген өмір салты оны миллиондаған жанкүйердің кумиріне айналдырды. Норвегияның басты үміті атанған Эрлинг Холанн кім және оның жетістігінің сыры неде?
Әлем чемпионатына 1200-ден астам футболшы қатысып жатыр. Олардың бірі алаңға мүлде шықпаса, енді бірі қосалқы құрам ойыншысы ғана. Ал Эрлинг Холанн – өз құрамасының нағыз көшбасшысы. Ол 2019 жылы Норвегия ұлттық құрамасында дебют жасағаннан бері команданың басты үмітіне айналды.
Матчтан кейін Холанн эмоциясын жасыра алмады.
Мүмкін, бұл күн Норвегия тарихына енетін шығар. Бәріміз осы сәттен ләззат алуымыз керек. Бұл – ессіз күн. Норвегия футболы тарихындағы ең ерекше күндердің бірі. Осы сәтті бағалап, оның қадірін біліңіздер, – деді ол.
Эрлинг Холанн кім?
Холанн 2000 жылы 21 шілдеде Англияның Лидс қаласында дүниеге келген. Ол кезде әкесі Альф-Инге Холанн ағылшын клубтарында ойнап жүрген.
Әкесі кәсіби футболшы болған. Ол Норвегия құрамасында өнер көрсетіп, Англияның «Ноттингем Форест», «Лидс Юнайтед» және «Манчестер Сити» клубтарында ойнаған.
Анасы Гри Марита Браут – жетісайыстан Норвегия чемпионы. Сондықтан Холанның спортқа бейімділігі бала кезінен қалыптасқан.
Холанн дәстүрлі университетте оқымаған. Бала күнінен кәсіби футболға ден қойып, Норвегиядағы мектеппен қатар футбол академияларында дайындалған. Ол алғашында «Брюне» клубының академиясында тәрбиеленіп, кейін «Мольде», одан соң Аустрияның «Ред Булл Зальцбург» клубына ауысты. Осылайша оның негізгі «білімі» кәсіби футбол академияларында қалыптасты деуге болады.
Холаннның сүйіктісі – Изабель Хаугсенг Йохансен. Олар бала кезінен бір футбол мектебінде жүрген. Изабель де кәсіби футболмен айналысқан.
2024 жылдың соңында жұптың тұңғыш сәбиі дүниеге келгені белгілі болды. Алайда Холанн отбасының жеке өмірін көпшілікке жариялай бермейді. Баласының аты мен суреттерін әлеуметтік желіде сирек бөліседі.
Холанн туралы қызықты деректер:
Табысының сыры – тәртіп
Euronews жазуынша, көпшілік Холанның ерекше физикалық мүмкіндігін генетикамен байланыстырады. Алайда Холанның айтуынша, жетістік тек тұқым қуалаушылыққа байланысты емес.
Спортшы матч өтетін екі сағатта ғана емес, тәулігіне 24 сағат спортшы болып өмір сүруі керек, – дейді ол өзінің YouTube арнасында.
Оның пікірінше, адам ағзасының мүмкіндігі ойлағаннан әлдеқайда жоғары.
Біз шаршадық деп ойлаймыз, бірақ көп жағдайда оны миымыз шешеді. Өзімді шаршадым деп сезінсем де, денеме «жоқ» деп айтамын. Бұл – психология, – дейді ол.
90 минуттық ойын – ұзақ еңбектің нәтижесі
Холанн үшін матчтағы 90 минут – күн сайынғы дайындықтың қорытындысы ғана.
Оның айтуынша:
Мұның бәрі – біртұтас жүйе, – дейді футболшы.
Қазір Холанн Англияның Manchester City клубында өнер көрсетеді. Ол бұл командамен қатарынан екі рет Англия Премьер-лигасының чемпионы атанды.
Кәдімгі күш жаттығулары, кардио және созылу жаттығуларынан бөлек, ол дененің икемділігіне ерекше көңіл бөледі.
Менің жамбас пен сан бұлшықеттерім табиғатынан өте икемді. Сол қасиетті сақтау маңызды. Әйтпесе мұндай керемет голдарды қалай соғамын? – дейді ол.
Сонымен қатар ол клуб базасындағы гипоксиялық камерада жаттығады.
Бұл арнайы камерада ауадағы оттегі мөлшері азайтылып, биік таудағы жағдай жасалады. Қажет болса, температура мен ылғалдылық деңгейі де өзгертіледі.
Холанның айтуынша, мұндай жаттығулар ойыннан кейін тезірек қалпына келуге көмектеседі.
Қалпына келу – жаттығудың жалғасы
Холанн үшін ойын соңғы ысқырықпен аяқталмайды.
Жаттығудан кейін ол аптасына 4-5 рет:
Мұндай әдістер бұлшықет ауырсынуын азайтып, денені тезірек қалыпқа келтіруге көмектеседі деп есептеледі.
Сондай-ақ ол қызыл жарық терапиясын пайдаланады. Бұл әдісте төмен қарқынды қызыл жарық қолданылады.
Холаннның айтуынша, бұл Манчестердегі күн сәулесінің аздығын белгілі бір деңгейде өтейді.
Ғалымдар бұл тәсілдің тиімділігін әлі де зерттеп жатыр. Алғашқы ғылыми еңбектер оның безеу мен псориаз сияқты кейбір тері ауруларына оң әсер етуі мүмкін екенін көрсеткенімен, оны толық дәлелдейтін ғылыми айғақтар әзірге жеткіліксіз.
Холанн бірнеше сұхбатында ұйқыны «әлемдегі ең маңызды нәрсе» деп атаған.
Ол үшін ұйқы режимі – ешқашан бұзылмайтын қағида.
Тамақтануы қандай?
Холанн дұрыс тамақтануды өте қарапайым қағида деп есептейді.
Таңертең ол кофеге шикі сүт пен үйеңкі шәрбатын қосып ішеді.
Алайда шикі сүт пастерленбейтіндіктен, құрамында зиянды микроағзалар болуы мүмкін. Сондықтан көптеген елдің денсаулық сақтау ұйымдары оны тұтынуға кеңес бермейді және оның сатылуы арнайы ережелермен реттеледі.
Футболшы үнемі жаңа тамақтану тәсілдерін зерттеп көруге тырысатынын айтады.
Маған жаңа дүниелерді оқып, байқап көру ұнайды. Егер өмірім мен мансабымды кішкентай дүниелер арқылы жақсартуға мүмкіндік болса, неге байқап көрмеске? – дейді ол өз арнасында.
Оның сөзінше, дұрыс тамақтанудың құпиясы күрделі емес.
Тамақтану өте қарапайым. Таңғы асым да қарапайым болады. Майлы стейкті жақсы көремін. Мен тамақтану үшін өмір сүремін десем де болады. Күні бойы не болса да, дәмді ас ішкенді ұнатамын, – дейді ол.
Мемге айналған әрекеттері
Холланның әр қимылы футбол жанкүйерлерінің қызығушылығына айналып жатыр:
«Лотос» медитациясы
Гол соққаннан кейін аяқтарын айқастырып, медитация жасағандай отыруы әлемдегі ең танымал гол тойлау үлгілерінің біріне айналды. Бұл қалып әлеуметтік желілерде мыңдаған мемнің тууына себеп болды.
Эмоциясыз жүзі
Холанн маңызды гол соққаннан кейін де көбіне сабырлы қалып сақтайды. Оның суыққанды түрін жанкүйерлер «робот», «терминатор» деп әзілдейді.
«Футбол роботы»
Үлкен дене бітімі, жоғары жылдамдығы мен тоқтаусыз голдары үшін әлеуметтік желілерде оны «робот», «киборг», «адам емес» деп әзілдеп атайды.
Стейкке деген махаббаты
Холанн бірнеше сұхбатында майлы стейкті ерекше жақсы көретінін айтқан. Осыдан кейін жанкүйерлер «Холаннның голдарының сыры – стейк» деген әзілдерді жиі қолданады.
«Құбыжық» физикасы
Матч кезінде қорғаушыларды итеріп өтіп, қарсыластарын бірнеше метрге ығыстырып жіберетін сәттері әлеуметтік желілерде тұрақты түрде мемге айналады. Көпшілік оны «викинг», «адам кейпіндегі танк» деп атайды.
Бүгiн, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Бүгiн, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?