6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауылда 42 жастағы әйелдің қолын күйеуі балталап тастаған. Қазір келіншек ауыр жағдайда аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Astana.tv-ға сілтеме жасап.
Науқасқа шұғыл көмек көрсету үшін қаладан санавациямен дәрігерлер келіп-жеткен. Олар келіншектің өзге де бірнеше жарақаттары барын айтады. Басынан да қатты соққы алған. Сондықтан жәбірленушінің денсаулығына қатысты, әзірге ақхалаттылар нақты шешім айта алмайтындарын жеткізді. Ал күдікті аудандағы мектептердің бірінде биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. 20 жылдан аса тәжірибесі бар маман.
Полиция адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ол қазір уақытша ұстау изоляторында. Тергеу амалдары жалғасуда. Өзге мәліметтер жария етуге жатпайды, - деді Қызылорда облыстық полиция департаменті
Іс департамент басшылығының бақылауына алынғаны да нақтыланады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі