Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекШетелге стратегиялық маңызды шикізатты заңсыз әкету әрекеттері тоқтатылды. Бұл туралы ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Polisia.kz мәліметінше, Жетісу облысында қорғасынның ірі партиясын заңсыз әкетуге жол берілмеді. 60 тоннадан астам қорғасын тиелген екі жүк көлігі тоқтатылды, оның нарықтық құны 60 миллион теңгеден асады. Жүк заңсыз экспортқа жіберілмек болған.
Қылмыстық схеманы ұйымдастырған барлық тұлғаны анықтап, ұстау бойынша жедел іс-шаралар жүргізілуде, - делінген мәліметте.
Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысында «жоғары легирленген болат» түрінде қара металл сынықтарын шетелге шығарып жіберуге тырысқан ЖШС-нің заңсыз әрекеті тоқтатылды. Шамамен 1 мың тонна металл сынығы, соның ішінде көршілес мемлекетке жөнелтуге дайын 7 вагон табылды.
Ал Маңғыстау облысында Каспий маңы елдерінің біріне металл сынығын теңіз арқылы жөнелту арнасы анықталды. ЖШС аумағынан 400 тоннадан астам қара металл сынығы табылып, оның ішінде екі контейнер экспортқа дайындалып қойылған.
Аталған барлық фактілер бойынша кінәлі тұлғалар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?