22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыМәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Назарбаев университетінде шетелдіктерге білім беру құны қазақстандықтарға қарағанда әлдеқайда төмен екенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Университеттің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, қазақстандықтар үшін бакалавриат бағдарламасы бойынша антропологияның толық курсының бағасы 18,3 млн теңгеден асады. Ал Қытай азаматтары үшін баға 7,3 млн теңгені құрайды, ал Кот-д'Ивуардан келген талапкерлер үшін 3 млн теңгеден асады.
Неге шетелдіктер үшін Назарбаев Университетінде ақылы оқу арзанырақ? ЖОО-ны халықтың ақшасына салып, құрал-жабдықтарды ҚР азаматтарының салықтары есебінен сатып алды емес пе, - деп ашуланды Мұрат Әбенов.
Ол Ұлыбритания секілді дамыған елдерде өз азаматтары үшін білім беру құны, керісінше, әлдеқайда арзан екенін атап өтті.
Қазақстанда өмір сүру деңгейі біз жеңілдіктер берген мемлекеттердің көпшілігіне қарағанда нашар. Оқытушыларға қатысты жағдай да дәл сондай – шетелдік оқытушылар үшін жалақы мен әлеуметтік пакет әлдеқайда жоғары екені туралы ақпарат бар. Тіпті ғылыми жетістіктері мен біліктілігі бірдей болса да, – дейді депутат.
Сондай-ақ Мұрат Әбенов ҚР Конституциясында тең еңбек үшін тең төлем болуы тиіс екенін атап өтті. Ол Жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбектен аталған мәселені шешуді сұрады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев