Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматы облысында полицейлер ауқымды және үйлестірілген операция нәтижесінде Қазақстанға заңсыз миграция ұйымдастырған қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Белгілі болғандай, ұйымдастырушылар шетел азаматтары болған. Күдіктілер шетел азаматтарының елге заңсыз кіруін, транзитін және заңдастырылуын қамтамасыз етіп отырған. Өз қызметтері үшін олар әр мигранттан 150 мыңнан 700 мың теңгеге дейін ақша алған.
Арнайы іс-шаралар барысында күдіктілерден ондаған шетелдік паспорттар, медициналық сақтандыру полистері, қолдан жасалған құжаттар, сондай-ақ есірткі заттары мен діни әдебиеттер тәркіленді. Қылмыстық топтың барлық мүшелері құрықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген Алматы облыстық ПД мәліметінде.
Аталған дерек бойынша заңсыз миграцияны ұйымдастыру, алаяқтық және есірткі заттарын заңсыз сақтау баптары бойынша алты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, барлық қатысы бар адамдар мен қосымша құқыққа қайшы әрекеттер анықталуда.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?