Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстанның Энергетика министрлігі шетелдік азаматтар үшін бензин мен дизель отынының бағасы өзгерген бұйрық жобасын жариялады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Ішкі нарықта отын балансын сақтау, сондай-ақ мұнай өнімдерінің ағындары мен «сұр» экспортының тәуекелдерін азайту мақсатында Энергетика министрлігі автокөліктің тұтыну көлемі мен шығу тегіне байланысты Аи-92, Аи-93 бензині мен дизель отынына нақтыланған бағалары бар бұйрық жобасын дайындады.
Министрліктің мәліметінше, қазіргі уақытта бағаны мемлекеттік реттеуге байланысты Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында жанар-жағармай құны ең төмен ел болып саналады, бұл мұнай өнімдерінің басқа елдерге ағындары мен «сұр» экспортының жоғары тәуекелдеріне әкеледі.
Бұйрық жобасымен АИ-92 және Аи-93 маркалы бензиннің бағасы литріне 245 теңге деңгейінде белгіленеді деп болжанады. Құжатта дизель отынының бағасы литріне 315 теңгені құрайды делінген.
Жүргізуші куәлігі мен көлік құралын Қазақстанда тіркеу туралы куәлігі бар азаматтар үшін ЖЖМ бағасы өзгеріссіз қалады.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары