Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек2024 жылдың мамыр айында Түркістан облысындағы «Б.Қонысбаев» шекара-кеден бақылау бекетінде ірі есірткі заттардың контрабандасы тоқтатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шекарадан өтіп бара жатқан жүк көлігінен аяқ киімге арналған крем ретінде жасырылған 700 кг астам героин табылды.
Тергеу барысында ұлттық қауіпсіздік органдары Түркия Республикасының екі азаматының қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Оларға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Тергеу нұсқасы бойынша, есірткі Қазақстан арқылы үшінші елдерге тасымалданбақ болған.
Сотқа дейінгі өндіріс аяқталғаннан кейін, Бас көлік прокуратурасы тергеу органның ұстанымымен келісіп қылмыстық істі Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолдады.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?