2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАтырауда шетелдіктің 600 мың теңгесін алып, пара беруге итермелеген полицейге үкім шықты, деп хабарлайды El.kz.
Атырау қаласының №2 сотында облыстық полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының бұрынғы қызмет инспекторы С-ға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабының 4-бөлігі, 367-бабының 2-бөлігі және 190-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен қозғалған қылмыстық іс қаралды.
«Облыстық полиция департаментінің лауазымды қызметкері С. Өзбекстан Республикасының азаматтарының төлқұжаттарын Атырау қалалық полиция басқармасының көші-қон қызмет бөлімінен алып беруге уәде еткен. Басшыларға беремін деген сылтаумен Өзбекстан азаматы Р-дан барлығы 600 000 теңге алдап алып, шетелдіктерді пара беруге итермелеген. Нәтижесінде жәбірленуші Р-ға 600 000 теңге мүліктік зиян келген. Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, бейнежазбалармен дәлелін тапты», – деп хабарлады №2 соттың баспасөз қызметі.
Прокурор сотталушы С-ны өмір бойына құқық қорғау органдарында қызметпен айналысу құқығынан және арнайы шенінен, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады.
Сотталушы мен қорғаушы тағылған айыппен келіспей, С-ны ақтауды сұрады.
«Сот С-ның қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде оның бұрын сотталмағанын ескеріп, қабылдаған антты бұзуы жазаны ауырлататын жағдай деп тапты. С. жоғарыда көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімімен түпкілікті мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның 30 еселенген сомасы мөлшерінде 18 000 000 теңге айыппұл түріндегі жаза тағайындалды. Сотталушы аға лейтенанты арнайы шенінен айырылды», -деп мәлім етті соттың баспасөз қызметінен.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова