28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарПремьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ел экономикасын білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесі зерделенді. Осыған байланысты премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова баяндама жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Вице-премьердің ақпараты бойынша, шетелдік жоғары оқу орындарымен жұмыс инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға бағытталатын болады. Ол үшін жыл соңына дейін Ғылым және жоғары білім министрлігі білім беру бағдарламаларын, оқыту технологияларын трансферттеу және оларда оқитын студенттердің білім деңгейін, құзыреттері мен дағдыларын бағалау бөлігінде олардың жұмысына Бірыңғай талаптар қабылдауға ниетті.
Сондай-ақ отандық жоғары оқу орындарының жұмысын қайта қарау жоспарлануда. Олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін 2025 жылғы 1 сәуірге дейін білім беру сапасын тәуелсіз бағалау ұйымдастырылады. Негізгі критерийлер ретінде ЭЫДҰ елдерінің көрсеткіштері қолданылатын болады. Талдау қорытындысы бойынша ЖОО-лар жоғары, орта және мақсатты лигаларға бөлінеді.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?