1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіҚазақстандағы банктердің бірінде жалған еуро банкноттарын айырбастап, шетелге қашқан күдікті азаматша Швециядан елге экстрадицияланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Экстрадициялау туралы шарттың болмауына қарамастан, Швецияның Әділет министрлігі қарым-қатынас қағидаты негізінде жалған банкноттарды ірі мөлшерде өткізгені үшін іздеуде жүрген азаматша Б.-ны Қазақстанға беру туралы еліміздің Бас прокуратурасының өтінішін қанағаттандырды», - делінген ведомство ақпаратында.
Мәлім етілгендей, Қазақстан азаматшасы 2019 жылғы желтоқсан – 2020 жылғы қаңтар аралығында Қазақстан банктерінің бірінде жұмыс істейтін қызметкердің көмегімен жалған еуро банкноттарын айырбастаған деп күтіктеліп отыр.
«Қылмыс жасағаннан кейін Б., қазақстандық құқық қорғау органдарынан бой тасалады. Оған халықаралық іздеу жарияланды. Оның серіктестері әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазаларына кесілген. Бүгін Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдікті Б.-ны қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады. Қазіргі уақытта ол Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Астана қаласы бойынша департаментінің тергеу изоляторына қамалды. Аталған қылмысты жасағандар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - деді Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?