Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекОтандық туроператорлар жүргізген сауалнамаға сәйкес, шетелдік қонақтар арасында ең танымал ұлттық тағам – қазақша ет. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Ұлттық тағам еліміздің барлық қалалары мен демалыс орындарында беріледі. Туристердің талғамына сай жылқы, сиыр немесе қой етін асып береді. Ал Қазақстанның батысында балықтан жасалатын «фишбармақтың» дәмін татуға болады.
Екінші орында – бауырсақ. Еліміздің әр өңірінде ұннан жасалатын өнімнің өзіндік рецепті бар. Ал оның ішіндегі «шибауырсақты» туристер өздерімен бірге кәдесый өнімі ретінде алып кетеді екен. Себебі оны тасымалдау өте ыңғайлы.
Үшінші орында – қазы. Жылқының қабырға етін тұздап, бұрыш қосып жасалатын шұжық. Әдетте ет асқанда қазы бірге беріледі.
Туристердің талғамы бойынша бұдан кейінгі орында ұлттық тәттілер – жент және қызыл ірімшік тұр. Көптеген кәсіпкерлер туристерге бұл десерттерді кішкентай, әдемі сыйлық жиынтықтарында кәдесый ретінде сатып алуды ұсынады.
Қызыл ірімшілік – тәтті сүзбе. Әзіл ретінде бұл тағамды «қазақстандық рафаэлло» деп те атайды. Ол әртүрлі тәтті ингредиенттері бар сүзбеден дайындалады. Қазақстанның кейбір өңірлерінде бал, ал басқа өңірлерде қант немесе тосап қосып дайындайды.
Сондай-ақ тұтыну өнімі ретінде және кәдесый ретінде қазақстандық шоколад өте танымал. Біздің ұлттық тағамдарымызбен еуропалық және ТМД аумағынан келген туристер жақсы таныс және шетелдіктер тарапынан үлкен сұранысқа ие, - деді ҚР Туризм және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?