23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіКөшпенділердің дүниежүзілік ойындарына келген елорда қонақтары туристік полиция қызметкерлеріне көрсеткен көмегі үшін шын жүректен алғыс білдіреді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полицейлер кеңес беріп және қажетті маршрутты ұсынып қана қоймайды, сонымен қатар барлық туындаған сұрақтарға дайын жауап береді, бұл қатысушылар мен қонақтардың осындай ауқымды халықаралық іс-шарада өзін жайлы сезінуге ықпал етеді.
Америкадан келген туристерге полицияның көмегі қажет болды, олар ойындарды тамашалап тұрғанда ұлдарын жоғалтып алған. Туристік полиция қызметкерлері жедел ден қойып, ата-анаға баланы тез табуға көмектесті. Полицияның үйлесімді жұмысының арқасында жағдай оңынан шешілді.
Мен Америкадан келдім. Біз мұнда көшпенділер ойындарын тамашалау үшін келдік. Біз осында келгенімізге өте қуаныштымыз, алайда мен ұлымды жоғалтып алып, көңілім түсіп кетті, оны қалай табатынымды қатты уайымдадым. Бақытымызға орай, мен ағылшын тілінде жақсы сөйлейтін полицейді кездестірдім. Мен оған жағдайды түсіндіре алдым және ол маған ұлымды табуға көмектесті. Сізге рақмет! – деп елорда қонағы шын жүректен алғысын білдірді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады