6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерІшкі істер министрлігі шетелдік көліктерді заңдастыру науқанының аяқталуына екі апта қалғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл қаңтар айында 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру шаралары басталды. Осы уақытқа дейін 161 мың автокөлік заңдастырылды, тағы 13 мыңнан астам көлік иесі құжат тапсырды. Бұдан бөлек, 7 мыңға жуық автокөлік-конструктор есепке қойылды.
Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев 1 шілдеге дейін өтінім беруге болатынын еске салды. Одан кейін өтінімдерді қабылдау тоқтатылады. Сондай-ақ заңдастыру мерзімі ұзартылмайды.
Одан кейін шетелдік есепте тұрған автокөліктерді Қазақстан Республикасының заң талаптарын бұзып пайдалануды жалғастырған азаматтарға тиісті шаралар қабылданатын болады, - дейді Сұлтанбаев.
Ал Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылмаған және заңдастырылмаған автокөліктерді 5 жылға уақытша есепке қоюға рұқсат беріледі.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі