30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыДенсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова медициналық өнімдер өндіру жөніндегі шетелдік медициналық компаниялар өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, отандық денсаулық сақтаудың басым міндеттерінің бірі елімізді тиімді, қауіпсіз және сапалы препараттармен үздіксіз қамтамасыз ету болып табылады.
Мемлекет басшысы 2029 жылға қарай отандық дәрілік заттар өндірісінің үлесін 50%-ға дейін жеткізу, оның ішінде келісімшарттық өндіріс шеңберінде ірі фармацевтикалық компанияларды тартудың есебінен жеткізу міндетін қойды. Pfizer, Roche, AstraZeneca компанияларымен Қазақстанда өндірісті оқшаулау мүмкіндігі туралы келіссөздер өткізілді, - деді министр Ақмарал Әлназарова.
Johnson & Johnson өкілдері Қазақстан аумағында инновациялық фармацевтикалық өнімдерді оқшаулау туралы ниеттерін білдірді.
Біз министрліктің дәрі-дәрмек саясатын қолдаймыз. Бұл шешім экономикаға оң серпін беріп, Қазақстан халқына оң нәтиже беретініне сенімдіміз, - деп атап өтті Johnson & Johnson дамушы нарықтар жөніндегі басқарушы директоры Асгар Рангунвалла.
Бұдан өзге Ақмарал Әлназарова 1 мыңнан астам медициналық жабдықтар мен медициналық препараттарды өндірумен айналысатын Weigao компаниясының қытайлық кәсіпорын өкілдерімен кездесті. Кездесуде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, оның ішінде Қазақстан аумағында фармацевтикалық өнім өндіретін өндірістер салу мәселелері бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Кездесулер барысында тараптар өзара ынтымақтастықты нығайтуға және одан әрі дамытуға өзара келісімге келді, өзара іс-қимылдың нақты бағыттары мен салаларын, сондай-ақ ғылыми тәжірибе алмасуды белгіледі.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды