Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматыда «Отандастар» қорының ұйымдастыруымен шетелдегі және Қазақстандағы отандас кәсіпкерлер арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға бағытталған бизнес-форум өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Форумға әлемнің 12 елінен келген 50-ден астам қандас кәсіпкер, сонымен қатар Қазақстандағы кәсіпкерлер қатысуда. Жалпы, 200-ге жуық қатысушы жиналып, шетелдегі және Қазақстандағы бизнес қауымдастық өкілдері бірлесе жұмыс істеу және тәжірибе алмасу үшін өзара пікір алмасады.
Форумның негізгі мақсаты – шетелдегі этникалық қазақтарды Қазақстанның экономикалық дамуына тарту және олармен тығыз қарым-қатынас орнату. Сонымен қатар, шара барысында Қазақстанның экономикалық бағдарламалары мен инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылып, шетелдік кәсіпкерлерге заңнамалық қолдау көрсетілмек.
Форумның негізгі міндеттері:
Форум барысында Форум қатысушыларының ұсынысымен «Шетелдегі және Қазақстандағы отандас кәсіпкерлердің Кеңесі» құрылады деп жоспарлануда. Бұл кеңес шетелдегі этникалық қазақтардың бизнес белсенділігін арттыру және олардың мәдени-гуманитарлық құндылықтарын сақтап қалу мақсатында жұмыс істейтін болады.
Қатысушы елдер: АҚШ, Аустрия, Жапония, Иран, Қырғызстан, Қытай, Малайзия, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Ресей, Түркия.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?