22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЕлордада еңбек көші-қонын жоспарлайтын азаматтарды кетуге даярлауға арналған жаңа орталық ашылды. Бұл қазақстандықтардың шетелде жұмыс басталар алдында жақсы дайындалуына, қорғалуына және ақпараттандырылуына бағытталған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, ол Астана қаласы әкімдігінің Мансап орталығы ғимаратында ашылды. Мұнда азаматтар еңбек көші-қонының құқықтық, мәдени және практикалық аспектілерін біле алады. Тақырыптардың қатарына мигранттардың құқықтары, өзге елге бейімделу, заңды және еңбек қызметтеріне дайындық жатады.
Жобаны Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен, Астана әкімдігімен және Швейцарияның даму және ынтымақтастық агенттігінің (SDC) қолдауымен іске асырды.
Орталықтың ашылуы – ол еңбек көші-қоны қауіпсіздігі және басқарылуы жолындағы маңызды қадам. Біз шетелге жұмысқа баратын әрбір азаматтың өз құқығын білуіне және өзін сенімді сезінуіне ұмтыламыз, - деп атап өтті Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) Қазақстандағы миссиясының басшысы Серхан Актопрак.
Ашылу салтанатына Астана әкімінің орынбасары Ерік Мейірханов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Асқарбек Ерсаев, Швейцарияның Қазақстандағы елшісі Салман Бал, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың басқа да өкілдері қатысты.
Орталықтың ашылуы Орталық Азиядағы басқарылатын еңбек көші-қонын дамыту жөніндегі ХКҰ өңірлік бағдарламасының бөлігі болып саналады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев