12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік«Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттер әлеуметтік желіде флешмоб бастады. Олар отандастарын алда келе жатқан ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтап жатыр, деп хабарлайды El.kz.
Студенттер білім алып жатқан елдерінен қазақстандықтарға мерекелік құттықтаулар жолдады. Олардың арасында Ұлыбритания, АҚШ және басқа да мемлекеттерден үн қатқандар бар. Туған жерден жырақта жүрсе де, жастар Республика күнін атап өтуге атсалысып, Отанға деген сүйіспеншілігін білдірді.
Флешмоб қазақстандықтарға шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік беретін «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасының қатысушыларын біріктірді. Студенттер үшін бұл бастама туған елмен рухани байланысты сақтап, мерекелік көңіл күйді отандастарымен бөлісуге мүмкіндік берді.
Әлеуметтік желіде жарияланған құттықтаулар Республика күнінің әлемнің қай түкпірінде жүрсе де, қазақстандықтарды ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіретінін көрсетті.
Айта кетейік, Қазақстанда 25 қазанда Республика күні аталып өтеді. Бұл – елдің мемлекеттілігі мен егемендігін айшықтайтын ұлттық мереке.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер