15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыТалғар қаласында қайғылы жағдайда қаза тапқан Шерзат Болатқа қатысты іс бойынша өткен сот отырысында марқұмның әжесі Жұмабике Кадирова куә ретінде жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отырыс барысында мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай сол күні айыпталушылармен бірге болған екі қыздың әрекеті жайында сұрақ қойды.
Сіз жәбірленуші ретінде жауап бергеніңізде, оқиға орнына келген топтың арасында екі қыз болғанын айттыңыз. Осы екі қыздың іс-әрекетін нақтылап айтып беріңізші. Олар не істеді? Қайда тұрды? – деп сұрады прокурор.
Жұмабике Кадирова екі қыздың да сол жерде болғанын растады.
Маған “Скорый шақырмайсыз ба, скорый шақырмайсыз ба” деген дауысын естідім. Бірақ ол қыздардың түрін танымаймын. Не істеп, не қойып жатқандарын нақты білмеймін. Балалар олардың қолдарынан ұстап, машинаға тығып алып кетті. Олар маған қарап тұрған еді. Бірақ мен ол кезде жедел жәрдем шақыратын жағдайда емес едім, – деді марқұмның әжесі.
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады