23 Маусым, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлерШерзат Болаттың анасы Гүлбара Бейшімбаева сот отырысында сөз алды. Ол күдіктілердің өзіне де қоқан-лоққы көрсеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Талдықорған қаласында өтіп жатқан 16 жастағы Шерзат Болаттың қазасына қатысты сот отырысында марқұмның анасы жауап берді. Оның айтуынша, дүкен арасына келе салысымен күдіктілердің «істеңдер» деген сөзін естіген.
Әжесі екеуміз дүкен алдына келе салғанда тобыр адамдардың жиналғанын көрдік. Бір сәтте олардың «істеңдер» деп айқайлағанын естідім. Сол сәтте олар Нұрғанат пен Шерзатқа жабыла бастады. Оны тоқтатпақ болған әжесін Абзал (ред. сотталушы) жұлқып құлатты. Сосын мен Шерзатқа жүгіріп бара жатқанда мені Абзал мен Нұрбол қолымнан ұстап жібермеді. Сосын мен оларға мені жіберіңдер, оның анасы едім, балама тиіспеңдерші дегенімде олар маған «аузыңды жап, сені де өлтіреміз» деп айтты, – деді Шерзаттың анасы.
Анасының айтуынша, бұзақылар ауыр халде жерде жатқан баласын көре тұра тағы да ұруға келді. Нұрғанат Шерзаттың басынан соққы жасамақ болғанда өзі тосқауыл болған.
23 Маусым, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?