Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерТалғардағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты өтіп жатқан сот процесінде жаңа куәгер Бекнұр Асқарбек жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол сотталушылар Дархан мен Думанды ғана танитынын мәлімдеді.
Дархан – жездемнің көршісі, ал Думанмен бір мектепте оқығанбыз. Жеке араздықтарымыз болған жоқ. Жәбірленушілерді мүлде танымаймын, – деді куәгер сотта.
Оның айтуынша, 3 қазан күні кешкі уақытта жездесі хабарласып, артынан Дархан байланысқа шығып, ақша салуды өтінген.
Дархан хабарласып, бір нөмір жіберді. Мен сол нөмірге апам Светлананың атымен мың теңге аудардым. Ақшаның не үшін керек екенін айтпады. Сол күні дүкенде не болғанынан бейхабар едім, тек кейін білдім. Ақша жіберген кезде нөмірде "Жұмабике" деген есім шықты, – деп түсіндірді ол.
Сот процесінде куәгердің кәмелетке толмағаны ескеріліп, судья оның бет-әлпетін жариялауға тыйым салды.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі