Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТалдықорғандағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Болаттың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетейік, бұл іс бойынша 9 адамға айып тағылып отыр. Олардың бірі – кәмелетке толмаған.
Жалпы, сот отырысына, айыпталушылар мен куәгерлерді қоса есептегенде, жүзге жуық адам қатысуда.
Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, 200 куәгерден жауап алынған. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады. Тергеудің барысы және қатысушылардың конституциялық құқықтарының сақталуын прокуратура бақылаған.
Еске салайық, былтыр 4 қазанға қараған түні 16 жастағы Шерзат Полат кісі қолынан қаза тапты. Осы іс бойынша 11 күдікті қамауға алынған еді.
Ал келесі сот отырыстары 17-18 сәуірде сағат 10:00-де өтеді. Судьяның сөзінше, сот отырысы аптасына екі рет өтеді.
Бұған дейін прокурор Ержан Құрақбаев айыптау актісін оқыған болатын.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді